Кiрiспе

    Кіші жүз Алшын рулары болып аталатын қазақ  рулары:  Әлімұлы, Жетіру жәнеБайұлы.

Алты аталы- Әлім, олар: Қаракесек, Қарасақал, Кете, Тортқара, Шомекей, Шекті.

Жеті ата Жеті ру, олар: Табын, Тама, Кердері, Керейіт, Жағалбайлы, Рамадан, Телеу.

Қыдырқожа аса бай болған деседі, одан өрбіген түқымдыБайұлыдеп кеткен.Қыдырқожаның Жәмбі бәйбішесінен туған: Қыдырсиық, Сұлтансиық, Бақтысиық (Баксиық) және қызы Анайы (қайсы бір әдебиетте Қанбибі, Шамсиябану депті).

Қыдырсиықтан туған Шеркешпен Шенеш.Сұлтансиықтан туған Алаша, Байбақты, Масқар, Қызылқұрт, Тана. Бақтысиықтан туған Ысық.. Анайы(Қанбибі, Шамсиябану)әжеден туған Адай.

Қыдырқожаның басқа ағайындары ерте өліп, олардан туғандарБайдың атына жазылғандейтін сөз бар.Қыдырқожадан өрбитін үш сиықтың ұрпақтарын қоса есептегенде 12 бала шығады. Осылардың жетеуі байдың «немересі» ретінде тіркеледі де, ал бесеуі «қиякелді» дегенге жатады.Оларымыз:Адай, Беріш, Есентемір, Жаппас, Таз.

Сонымен 12ата Байұлы деп жүргеніміз, өлеңдетіп айтсақ, мыналар:

Алаша, Байбақты мен Масқар, Тана.

Қызылқүрт- әлсіз жерде жуас қана.

Беріш, Адай, Есентемір - сегіз болады,

Ысықты, Шеркеш пенен он деп сана!

Біреу Байұлының - Таз болады,

Жайлады көк өзекті Жаппас қана!

 

 

Байұлында мынандай да сөз бар :

Екі кісі Сұлтансиықты көрсең, бірі кербездікте.

Екі кісі Берішті көрсең, бірі ерлікте.

Екі кісі Шеркешті көрсең, бірі билікте.

Екі кісі Тазды көрсең, бірі саудада.

Екі кісі Ысықты көрсең, бірі ұрлықта.

Екі кісі Есентемірді көрсең, бірі қорлықта.

Екі кісі Адай көрсең, бірі зорлықта жүреді.

Отзывы и комментарии

Добавить свой отзыв