Төрт Байбол

 

              Ер Қосай атаның үлкен ұлы Байболдан Есембет, Есенқұл,Мәмбетқұл, Жұлдыз атанған төрт бала туылып, соңында бұлар төрт Байбол атаныпты.Төрт Байбол – алты Қосайдың өскен жері.Сондықтанболар, қазір олар бірнеше руларға болініп, өзара құдандалы жекжат та болып кеткен.  Сондай-ақ төрт Байболдың ішінен тарихымызға небір белгілі берендер шыққан төрт тіреулі орын болып та аталады.

            Мысалы үшін дерек келтірсек, Есенқұлдың – Есегі, Мәмбетқұлдың Тоқтамыс пен Тоқманбеті, Жұлдыздың Жылқайдары мен Олжабайы, Есембеттің Бердібегі, Айтқұл Атағазы, Еміл Кенжебек сияқты батырлар, Есембет мерген, Шалбар Мұнат пен Жантұрған, Қадір Қалдыбай сияқты билер, Есембет Өткілбай, Есек Оңайбай, шалбар Көшен мен Тілеп, Шалқар секілді байлар. Есек Абдулла, шалбар Құрманбек, Әлжан секілді хазіреттер, шалбар Үмбет пен Шопық, Қардаш әулие секілді қасиетті кісілер, шалбар Қалниязбен Насихат, Шәйтім секілді суырып салма ақындар, Айтқұл, Иман, Намаз сияқты білекті палуандар. Осылар бәрі Байболдың төрт ұлынан тарағандар.